ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯ БАСТАЛДЫ

Биыл шымкенттіктерді тұмауға қарсы вакцинациялау үшін 128 963 доза вакцина сатып алынды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше қосымша 109 432 дозаға өтініш берілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп екенін айтуда.

Тұмауға қарсы вакцинация жергілікті мекенжайы бойынша тіркелген алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында жүргізіледі.

•Вакцинация созылмалы аурулары бар 18 жасқа дейінгі балалар;

• медициналық қызметкерлер;

•жүкті әйелдер (жүктіліктің 2-3 триместрі);

• жабық мекемелердегі адамдар (балалар үйі, үй, интернат);

• мүгедек ересектер мен созылмалы аурулары бар балалар;

• 60 жастан асқан қарт адамдарға жүргізіледі.

Сондай-ақ, вакцинациға қарсы көрсеткіштері бар адамдарға жасалмайтынын ескертеміз. Егер адамда өткір вирустық инфекция болса (тамақ ауруы, жөтел, безгегі), онда сіз вакцина ала алмайсыз! Созылмалы аурулардың өршу кезінде вакциналардан уақытша бас тартыңыз. Екі жағдайда да пациенттер сауыққаннан кейін немесе созылмалы аурудың тұрақты жақсаруынан кейін вакцинацияланады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.