Covid-19-ДЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫ БАСТАЛДЫ МА?
Мамандар күзде әлемді жайлаған коронавирустың екінші толқыны болады деп еді. Көктемнен бері карантиннен шаршаған халық оған сенгісі келмей арқаны кеңге салып жүргені белгілі. Алайда, биыл қыс ерте келетін секілді. Себебі, қыркүйек айының өзі ызғарлы, суық болып тұр. Яғни, тұмау мен түрлі аурулардың көбейетін кезеңі. Сонымен бірге, соңғы 2 күннің ішінде бірнеше коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бір ғана күнде 69 адамнан қауіпті вирус анықталған. Сондықтан карантин режимін сақтап, қауіпсіздік шараларын мұқият жүргізу кімге болса да артық етпес еді.