«ФОЛИАНТ» БАСПАСЫНЫҢ КІТАП ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ
Шымкент қаласындағы Отырар кітапханасының алдында «Фолиант» баспасының ұйымдастыруымен, бір апталық жылжымалы кітап жәрмеңкесі өтуде.
Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған игі іс-шара Алматыдан Шымкентке келіп жетті. Сұраныс болып жатса алдағы уақытта да бұл шара жалғасын таппақ.
Мұнда түрлі бағыттағы кітаптар баспа бағасымен сатылуда. 100 теңгеден бастап, 6000 теңгеге дейінгі кітаптар сатылып жатқан бұл көрмеге балалар әдебиеті, тарих, тұлғалық даму, психология, әлемдік классиктердің кітаптары қойылған.
Жәрмеңке 30 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.