ЖЕТІСАЙ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ 11 ЖАСАНДЫ ТЫНЫС АЛУ АППАРАТЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Түркістан облысы, Жетісай ауданында «Nur Otan» партиясының «Өмір» және «Шипа» жобалары кезекті рет жүзеге асырылды. Жетісай аудандық ауруханасы 11 дана жасанды тыныс алу аппаратымен толықты. Медициналық құрылғы «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Нұралы Әбішовтің қаржысына сатып алынған. Аппараттарды салтанатты түрде табыстау рәсімінде Жетісай ауданының басшылығы мен орталық аурухананың бас дәрігері Н.Жолдасбеков аудан халқының атынан Нұралы Әлмаханұлына алғыс білдірді.
Аудандық ауруханаға пандемия белең алған уақытта демеушілер есебінен 12 дана ИВЛ аппараты жеткізілген болатын. Негізінен аурухана 310 орынды. Жалпы 8 мыңға жуық халқы бар Жетісай ауданы үшін 1194 медицина маманы қызмет көрсетуде.