СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШІ 50 ПАЙЫЗҒА АЗАЙҒАН
лімізде 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы негізінде Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысымен 2018 -2020 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары бекітіліп жүзеге асырылуда.
Шымкент қаласы әкімінің аппараты басшысының орынбасары Рашид Мыңбаевтың айтуынша, Шымкент қаласы әкімдігінде бағынысты қызметшілері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін басшылардың отставкасы және жауапкершілігі институтын іске асыру бойынша алгоритмі бекітілді.
2019 жылдың 10 айында 12 азамат сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған болса, 2020 жылдың 10 айында 5 азамат сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасаған. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда 58%-ға азайғанын көрсетеді.
Айта кетсек, қалада «Open Space» пилоттық жобасы аясында Шымкент қаласының әкімдігі, 4 аудан әкімдігі, 5 басқарма, 137 мектеп, 11 емхана және 8 колледж ашық түрде жұмыс жасауға көшті.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі