ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін үшінші мегаполиске арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанынан құрылған республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының басшысы Ырза Тұрсынзада және Агенттіктің Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы Шымкент қаласының полиция қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты және парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру, жемқорлықпен күресті күшейту, ақпараттандыру, түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша мәселелер талқыланды.
Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов төрағалық еткен жиынға департаменттің жеке құрамы әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып қатысты.
Кездесу барысында ақпараттық-ағартушылық штабтың жетекшісі Ырза Тұрсынзада жемқорлықтың алдын алудағы насихаттық жұмыстар оң әсер беретінін, қоғамдық сананы жаңғыртуда адалдық, адамгершілік қағидаттарын сіңіру қажеттігін айрықша атап өтті.
Өз кезегінде, Агенттіктің Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатынан, оның ішінде Агенттік тарапынан осы дертпен күресу мақсатында қолға алынған жобалармен таныстырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістерге тоқталды.
Жиын барысында қатысушыларға адам бойындағы асыл қасиеттер: адалдық, парасат, әділдік және сенім құндылықтарын қоғам арасында кеңінен насихаттаудың маңызы айтылды.
«Полиция тәртіп пен тазалықтың тірегі болуы керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге бағытталған бірлескен іс-шараларды күшейтіп, одан әрі жетілдіруіміз қажет. Бұл бағытта біршама жұмыс жүргізілді. Осыған орай сыбайлас жемқорлықтын алдын алуда бірлескен жұмыс пен ынтымақтастық үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне алғысымды білдіремін» – деп атап өтті жиын төрағасы Ералы Жумаханбетов.
Шымкент қаласының Полиция департаменті