ШЫМКЕНТ ӘКІМІ КӨКӨНІС КӨШЕТІН ӨСІРЕТІН ЖЫЛЫЖАЙ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласының әкімі Қаратау ауданын аралау барысында Испания технологиясы бойынша салынған 5000 тоннаға арналған көкөніс қоймасы мен көкөніс көшеттерін өсіруге арналған 2 га жылыжайда болды.

Бұл нысандар «Ақ ордасы» корпорациясы» ЖШС еншілес. Корпорация бүгінге дейін тұрғын үй, жылжымайтын мүлік объектілері, инфрақұрылым объектілерін салу, сондай-ақ, аумақтарды көгалдандыру мен абаттандыру қызметін көрсетіп келген.

Құрылымына құрылыс және ауыл шаруашылығы секторын жүзеге асыратын 13 еншілес компания кіреді. Қазіргі уақытта бұл корпорацияда 2500 астам адам жұмыс істейді. Олардың 1000-нан астамы штаттық қызметкерлер.

Бүгінде корпорация құрылыс мен жылы жай саласында көп жылдық тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар жұмыс істейтін оңтүстік өңіріндегі ең ірі құрылыс компанияларының бірі болып табылады.