ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСЫНА 105 ТЕХНИКА ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ
Шымкентте көшелерді қардан тазалап, көктайғақтың алдын алу шаралары өз деңгейінде атқарылып отыр.
Осы мақсатта коммуналдық 5 мекеме күшейтілген кестеде, 32 бағытта жұмыс істеуде. Нәтижесінде жаяу жүргіншілер жолы мен аялдамалар, әлеуметтік нысан аумақтары, елді мекендердегі орталық көшелер қардан тазартылды.
Қар тазалау жұмысына бір уақыттың өзінде 600-ге жуық жұмысшы, 105 техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта коммуналдық мекеме қызметкерлері көшелерде көктайғақты болдырмау үшін 1204 текше метр инертті материал сеуіп шықты.
Айта кетейік, қысқы маусымда қаланы «ЛТД тұрмыс», «Югдорсервис», «Бәйтерек ЛБ», «Нұртас сервис» және «Жасыл жер» мекемелері коммуналды техникамен қамтамасыз етуде.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі