ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР КӨБЕЙГЕН

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар көбейді. Соңғы бір аптаның ішінде COVID-19 белгілері бар 102 науқас анықталған.
Науқаспен қарым-қатынаста болған 444 азамат анықталып, дәрігерлердің бақылауына алынған.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мамандары инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында сақтық шараларын қатаң ұстану қажеттігін ескертеді.
  • Әр адам 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтауы тиіс.
  • Жұмыс орнында және сыртқа шыққанда әлеуметтік арақашық сақтау керек.
  • Пандемияны тоқтату үшін қазіргі уақытта маска тағу өте маңызды.
  • Жеке бас тазалығын сақтауды ұмытпаңыз. Қолыңызды сабынмен жиі жуып, антисептиктерді қолданыңыз. Індет ауамен ғана емес, қол арқылы да жұғады.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ