ШЫМКЕНТ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 1 МЛН ШАРШЫ МЕТРДЕН АСТАМ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРДІ

2020 жыл еліміз үшін сынаққа толы жыл болса да, Шымкент қаласы жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтап отыр. Есепті кездесуінде осылай деген қала әкімі М.Әйтенов тұрғындар қолдау көрсетіп отырса, биылғы жылы да жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілетініне сенімді екенін айтты.

Әкімнің айтуынша, өткен жылы қала бюджеті екі есеге өсіп, 244,4 миллиард теңгеден 463,4 миллиард теңгеге жеткен. Сонымен қатар, Шымкент тарихында алғаш рет 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй құрылысы жүргізілген. Ал, инвестиция көлемі 41 пайызға өскен.

Жалпы Шымкент қаласында алдағы бес жылда 3 миллионнан астам шаршы метр тұрғын үй құрылысын жүргізу жоспарлануда. Нәтижесінде, 3 мыңға жуық көп балалы отбасы және әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтар баспанамен қамтуға мүмкіндік береді. 2021 жылы осы жұмыстарды бастауға 51 көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысына бюджеттен 11,5 млрд. теңге қарастырылған.

Фото: Береке СЕЙІТЖАППАР

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі