ШЫМКЕНТТЕ 221 МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ OPEN SPACE ФОРМАТЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде Шымкент қаласының 221 мемлекеттік мекемесі open space форматына өтті. Бұл туралы есепті кездесуде қала әкімі Мұрат Әйтенов мәлім етті.
«Өткен жылы 109 желісі арқылы iKomek байланыс орталығы іске қосылды. Аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат қызмет етеді. Ашылғалы бері халықтан 80 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Оның 96 пайызы орындалса, қалғаны әкімдік қарауында. Сонымен қатар, халықпен кері байланыс орнату үшін Өзім апта сайын әлеуметтік желілерде, екі ай сайын телеарнада тікелей эфир өткізіп жүрмін. Барлық орынбасарларым мен басқарма басшыларына да осындай талап қойдым»,-деді қала басшысы.
Ақпараттық технология халық пен биліктің арасын жақындатып берді. Сондықтан әкімдік осы мүмкіндікті пайдаланып, халықпен тиімді кері байланыс орнату мәселесін басты назарда ұстап келеді.
Фото: Береке СЕЙІТЖАППАР
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі