ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбайдың жетекшілігімен өткен жиында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына қатысты мәселелер қаралды. Бұл мақсатта Түркістан облысында жүйелі түрде, қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Әрі қарай да пәрменді шаралар жүргізу тапсырылды. Сондай-ақ, жаңадан енгізілген реформалар туралы түсіндірме жұмыстары және мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға қатысты енгізілген тыйымдар туралы түсіндірме жұмыстарын күшейту жүктелді.

«Жемқорлықтың алдын алу бойынша мекемеішілік мәжіліс жасаумен ғана шектелмей, пәрменді шаралар қабылдауларыңыз қажет. Баршаңызға мәлім, заңнамаларға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, қарамағындағы қызметкерлер үшін бірінші басшыға жауаптылық жүктелген. Оны естен шығармау керек. Сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір азаматтың міндеті»,-деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай.

Бұл ретте, әрбір әкім, тиісті мемлекеттік орган басшысы мен қызметкерлері жұмыс барысында заңдылықтың сақталуына, қабылданған шаралар мен олар жөніндегі ақпараттардың ашық және қолжетімді болуына мүдделі болуы тиіс.
Мәжіліс қорытындысы бойынша қала, аудан әкімдеріне және облыстық басқарма басшыларына бірқатар тапсырмалар берілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі