МҰСТАФА-КЕМАЛЬ АТАТҮРІК

Даңғаза мен даңққа басын қатырмастан, Мұстафа Кемаль армияға реформа жасап, келер жорыққа дайындалуды ғана ойлады. Түрік халқы түгелге дерлік оны Бас қолбасшы болады деп үміттенді. Алайда Энвер пашаның, яғни жас түріктер көтерілісінің  көсемі әрі жас түріктер үкіметі басшысының өз ішкі ойы бар болатын. Ол өзінің жанында санаулы уақытта саңлаққа айналған адамнан басқа қауіпті көргендей сезінді. Ол оған «қолайсыз көмекшідей» көрінді.

Ол үшін кез келген сәтте өркөкірек, шенқұмар офицер саяси қарсыласқа айналып шығуы ықтимал-тын. Энвер-пашаның, яғни жас түріктер көтерілісінің көсемі әрі жас түріктер үкіметінің басшысының өз ішкі ойы бар болатын. Ол өзінің жанында санаулы уақытта саңлаққа айналған адамнан басқа қауіпті көргендей сезінді. Ол оған «қолайсыз көмекшідей» көрінді.

Ол үшін кез келген сәтте өркөкірек, шеңқұмар офицер саяси қарсыласқа айналып шығуы ықтимал-тын. Энвер-паша Мұстафаны Дарданелльдегі жеңісі үшін «құттықтап», оған «демалуды» ұсынды. Әрі болашақта дипломатиялық жұмыстан «көргісі» келетін ұсынысын да айтады. Энвердің түпкі ойы, қайда жіберсе де, әйтеуір, қасынан «ондай» тұлғаны аластату болатын. Әскери атташе етіп, ақыры ол мұстафаны Болгарияға жіберіп тынды. Бір сөзбен айтқанда, бұл жер аударумен пара-пар еді.

Мұстафа Кемаль армиясыз  генералға айналып шыға келді. Энвердің мақсатының бір парасы орындалғандай-ақ еді. Табалдырық тоздырып ана есік пен мына есікте жүрген қаһарманның  жан күйзелісін бір білсе, өзі ғана білген шығар? Тіпті ешбір жиынға да шақырылмауы бұл енді анық бір сақтану еді одан.

Мұстафа Кемаль бір кездегі Наполеонның күйін бастан кешеді. 1795 жылы Поль Баррас Наполеонды 40 мың қарулы қолы бар роялистерге қарсы салады. Көтерілісті басып-жаншыған Наполеон да кезінде осындай күйді кешпеп пе еді?

Елеусізікке ұрынған елеулі тұлғаның елден алыстатылуы, айтары жоқ, қысым біткеннің ең зоры болатын. Ол өзін қоярға жер таппайды. Жағдайды анық ұғынды, Оны сындыру үшін соғыс қаһарманы болу аз, турасында саясаткер болуы керек екенін түсіндірді.

Кемел ойдың иесі Кемаль жұрт назарын бірден өзіне аудартатын қасиет  иесі де еді. Талантты қолбасшы, керемет білімді, амбициясы жоғарғы офицер. Әзірге қолында билік жоқ, бірақ бұл уақытша ғана екені оның көзқарасынан-ақ байқалып тұрды. Барлығы түрік офицерінің бойынан өзгеде жоқ қасиетті анықтап байқай бастады. Батыстық мәдениет тұла бойынан аңқып тұр. Ол киген батыстық сән үлгісі бүгінгіні де таңдаңдырмай қоймады.  «Киімге ұқыпты адам өмірде де ұқыпты». Бұл – Мұстафа Кемаль ұстанған ұстанымы болатын. Тағы бір асыл тұлғаның басты бағалауы, ол – әйел затының адалдығы, сонан соң, әрине, сәйгүліктер. Және бір бағалауы – иттің иесіне деген адалдығы. Мұстафа Кемаль Тақымына тұлпар тұрақтанған әлемдік шабандоздар санатынан еді. Ол мінген тұлпардың тынысы ашылып, орнында тұра алмай, ойнақшыған ғаламат көріністі оның айналасындағылар сан мәрте көрді де.

Мұстафа Кемаль саясатпен терең айналысқысы келді. Тек соғыс қаһарманы болумен  ғана іс шешілмесін ол жеті түсінеді. Маңайына кіл өзі деңгейлестерді жию керек деп шешті.

1919 жыл. Түркия. Измир. Ағылшын-француз кемелерінің қолдауымен  Измирге гректердің  десанттары түсірілді. Қала соғыс отанына қайта оранды. Ағылшын әскері қосарлана Стамбулға келіп кірді. Сұлтан соғыссыз жеңілгенін мойындап, парламентті таратты. Ағылшындар ешқандай қарсылық кезікпеді де. Соғыс тағдыры бірнеше сағатта-ақ шешілді. Жас түріктер үкіметі құлап тынды. Сұлтан әскері таратылып, қолбасшы қалмады. Басқыншыларға қарсы шығады-ау дегеннің бәрін сотсыз атты, асты, көзін жойды.

Ағылшын әскери коменданты Калторп «Бірде-бір түрік өзіне деген жақсы қарым-қатынасқа лайық емес» деген атақты сөзін айтты. Сұлтандық ағылшын меншігіне айналды. Империя бұл соғыста сәтсіздікке ұшырады. Фахиддин ағылшындардың тірі қуыршағына айналды. Дәл осы кезде Мұстафа Кемаль «Қарсылық» майданын ашты. Оның ешбір атағы, құзырыда жоқ болатын. Жер жарып тұрған – тек әскери қаһармандық беделі ғана еді. Бірінші армия қолбасшысы Казим Карабекир өз әскерін оған ықтиярмен сеніп тапсырды. Мұны естіген сұлтан Мұстафаны сырттай өлім жазасына кесіп, «Әскер басқаруға еш заңды құқығы жоқ деп жариялайды». Бірақ ендігі жерде «кемальшыларды» тоқтату мүмкін болмады. Олар бұл кезде өздерін осылай «кемальшылар» деп атап үлгерген-ді.

Өз жақтастарын жанына жинаған Кемаль Анкараға табан тіреді. Түбегейлі шешім қабылданды! Ол шешім Стамбулға қатысы жоқ, өз алдына жаңа мемлекет жолында күресу керек! Жаңа орталық керек. Ол Анкара еді! Стамбул-окупанттар мен интервенцияның, яғни Антантаның қолында болатын. Ал Анкараға әлі аяғы жете қоймаған.

Мұстафа ендігі жерде Антанта ғана емес, ішкі жаумен соғысуға тура келетінін бірден көріп, ұғынды. Өз күшінің қай шамада екенін де бірден сезінді. Мықты одақтассыз жеңіс жоғын түсінді. Түрік армиясы қауқарсыз жағдайда еді.

1919 жылы Мұстафа Кемаль Кеңестер Одағынан көмек сұрайды. I дүниежүзілік соғыстан діңкелеген Кеңестер Одағы ізінше Азамат соғысын бастан кешіп жатқан шақ еді бұл. Таршылық, жоқшылық, аштық, тұралау бір басында жетіп-артылатын. Бірақ Түркияның өтінішіне Владимир Ильич Ленин бірден құлақ қойды. Жауапты да тез берді.

Большевиктер оңтүстік шекарасынан Одақтас көрінгенге, Табылғанына мүдделі болды. Большевиктер серкелеріне Түркияның «Ұлт-азаттық көтеріліс жолындамыз» дегені дұғадай әсер етті. Қолайына жақты.

Кемаль өзін «дәл осындай көтеріліс басшысымын» деп сендіре мәлімдеген еді. Кеңес Одағы Үкіметінің шешімін Түркиға келіссөзге 1 атты әскер Армиясының әйгілі командормы Семен Буденный жіберілді. Келіссөзде Мұстафа Кемаль айтқан бір ғана рухты сөзі тарихта мәңгілікке қалды. Ол – «Бізге мылтық қана керек! Біз мылтықты алған соң, тағы да мылтық керек! Онан соң тағы да мылтық керек!» деген сөзі.

Большевиктермен өзімсіне сөйлесу үшін Кемаль Анкарадағы Коммунистік партия құрды. Құрамына өзінің қанаттас қолдаушыларын қоса тартады. Мұстафа Кемаль өзінің бақылауында ғана болатын Коммунистік партия жасақтап алды. Бұл негізінен, көзбояушылық сыңайдағы ғана партия болатын. Кемальдың қадамы, расында да, таңғарарлық саяси жүріс еді.

Бұл партияның негізгі үні – Мәскеуге бар болғаны «бізде осындай партия бар» деуге ғана негізделген-тін. Түркия Коммунистік партиясының айлалы ойыны ғана еді. Бірақ большевиктердің  Коммунистік партиясы оған сеніп-ақ қалды. Бір айдан соң Кемаль Мұстафа Ресейден өзіне керек қару-жарағын қажетінше алып алды да, партияны таратып жіберді.

Мұстафа Кемаль бірнеше мәрте өз сөзінде былай деген: «Біздің Қызыл Ресеймен ортақ мүддеміз жоқ! Тек шетелдік интервенттерді күрес жолында жеңу үшін ғана біз серіктеспіз!». Большевиктер әлеуметтік сынақтарын ол мүлдем қабылдамады да. Керісінше, ондай «жаңашылдыққа» түбегейлі қарсы болды.

Түрік қаһарманы әуел бастан большевиктерге өзін қаржылай және әскери көмекпен қанша «жарылқаса» да, оның көзқарасын өзгерте алмайтынын жасырған жоқ, ашық сездірді. Ол өзін жеке мүдде емес, түрік мүддесі үшін жаралғандығын білдірді. Ал коммунистік идеология Түркия үшін жат екенін ұғындырды. «Біз жаңа әлем құрамыз» деген кеңестік арман идеясына Кемаль сенбеген еді.

1921 жыл. I дүниежүзілік соғыста жеңіліс тапқан Осман империясы бөлшектеніп кетті. Сирия мен Ливан – Францияның ықпалына, жақын шығыстық Палестина, Иордания және Ирак Ұлыбританияның еншісіне кетті. Түркияның өзінің де жеке мемлекет болар-болмасы ендігі жерде қауіп туғыза бастады. «Жеңімпаздар» мемлекетті біржола бөлшектеуге дайын отырды. Ағылшындық әскери кемелер сайланып, Босфор теңізінде тұрды. Нысанға Стамбулды алып, шабуылға сақадай- сай еді. Ахуал шынымен де қиынға айналған. Басқыншыларға қарсылық танытар бір ғана күш-кемальшылар ғана еді. Жалғыз үміт осы ғана болатын.

Кеңестік Ресейден алынған қару-жарақтан басқа, Мұстафа Кемальда нақты соғыс жоспары болды. Бұл кезде Кемальдың беделі даусыз еді. Тіпті онымен деңгейлес тұлға дәл сол кезеңде болмаған. Қарсылық танытып, қандай да бір қимыл жасауды іштей көксеп жүргендер көп болғанымен, олардың кейбірі күні біткен империяның жоғын жоқтап соғыспақшы болып даурығып жүрді. Ал ең айқын бағдарлама – Кемальда ғана! Келмеске кеткен империяны емес, күн тәртібіндегі бірінші мәселе – қорғап қалуға мүмкін нәрсенің бәрін қорғап қалу еді.

Мұстафа Кемаль халық қолдануына кең түрде ие болды. Ол үшін ең керегі де осы болатын. Бар-жоғы төрт айдың ішінде ол қарсылық көрсетіп соғысуға қабілетті әскер жасақтап, дайындап үлгерді! Премьер-министр алмастырып, жаңа маслихат құрды. Мұстафа Кемаль аз уақытта мемлекет көсбасшысына айналып шыға келді. Енді ол басқыншылармен соғысуға біржола даяр еді!

Ататүрікті аңыздан адамға жақындата алар жандар санаулы. Соның бірі – Кемальдың асыранды қызы Улькю. Осы тұстағы сол тарихи сәттің куәгері, қызы Улькю ханымның сөзіне жүгініп көрелік. Таразы басында тарих пен тұлғаның тепе-теңдігін сақтауы, ол бір ерекше жағдайда ғана орын алар сиректер санатынан:

  • Турасында, Ататүрік – ерекше адам! Алла оны ерекше қадір-қайрат пен ерекше қасиет иесі етіп жаратқан. Түрік халқының бағына туған ұл, ол-Ататүрік! Ол, расында, адам жасай алмасты жүзеге асырды, жасай алды да!

Түркия жан-жағынан қоршауда отырған еді. Оның үстіне Ататүрікке өлім жазасы кесілген. Ал ол ұлтты ұйыстыра алды. Басқа біреу болса, мұндайда; «Байтал түгіл, бас қайғы» деп кетер еді…

1921 жылдың көктемінде Ататүрік әскері алғашқы соғыс жорығын бастады. Араға 18 ай салып кескіліскен ұрыс нәтижесінде ағылшын-грек әскері түрік жерінен аласталды. Жау жеңілді! Мемлекет басқыншылардан азат етілді! Жеңіс ағылшындарға Түрік егемендігін, оның шегарасын мойындауға мәжбүрледі. Түріктердің заманы туды! Ататүрік заманы өмірге келді!

Расында да, Ататүрікті мойындамау мүмкін емес еді. Ойлап қараңыздар, ол гректермен соғысты және оларды ойсырата жеңді. Кейіннен Грекия королі оны «досым» деп таныды.

Ұлыға ғана тән қасиет мынады: түріктер гректерді жеңген тұста Грекия туын аяқ астына тастап: «Мынаны таптаңыз!» дейді. Ататүрік сол сәтте: «Туды жерден көтеріңдер, бұл – ұлттың ары мен абыройы!» деген!

Мұны бәрі – Улькю айтқан естелік.

1923 жылы 29 қазан күні Мұстафа Кемаль Түрік Республикасының құрылғанын мәлімдеді. Алғашқы мәжіліс сайлауы барысында ол жаңа республиканың бірінші президенті болып сайланды! Осы жылы оның жеке басына қатысты жағдай орын алады. Кемаль өзінің болашақ жарын кездестірді. Ол-Латифе ханум! Латифе хануммен Мұстафа Кемаль Измирде танысады. Танысу кездейсоқ жағдайда орын алды.

Түрік әскери ставкасы үшін үй таңдалып алынды. Таңдау Латифе ханумның ата-анасы тұрған үйге түседі. Латифе бұл үйде ата-анасымен бірге тұрып жатқан еді.

Латифе қыз мойнына бойтұмар тағып жүретін. Ол бойтұмарда газеттегі суреттен шақтап қиып алынған Мұстафаның суреті сақталатын. Бұл енді сол кездегі барша түрік қыздарының әдеті еді.

Мұстафа Кемаль ол кезеңде олардың құтқарушы батыры ретінде атағы асқақтап-ақ тұрған шағы болатын. Латифе тек измирлік қыз ретінде емес, бүкіл Түркия қыздары сияқты Мұстафаға сырттай ғашық еді.

Мұстафа сырт көркі келіскен, сұлу да сұңғақ бойлы екені – өз алдына, ол бүкіл түрік ұлтының мемлекетті қорғап қалушы генерал ретінде үміті де еді.

Алғашқы кездескен сәтінде-ақ Латифе бойтұмарды ашып, суретті көрсетеді. Кемаль қыз арманын айтқызбай-ақ ұғады. Деседе ол қызға таңдана қарады. Бұл қыз оның жүрегін  бірден-ақ баурап алды. Қыздың бойынан бүкіл түрік қызының болмысын көрді. Мұстафа Кемальда нағыз падишах сияқты болатын. Болмыс-бітімі, көркі, өрлігі мен ерлігі, батырлығы, өзгеде жоқ ерекшелігі – оның мәнері ерекше батыстық мәнер болатын.

Ұзамай жастар шаңырақ көтерді. Неке рәсімі мұсылманша өтеді. Мүфти неке қиюдың барлық жөн-жоралғысын жасайды. Бірақ жастар өздерін өзгеше ұстады. Ол кезде қалыңдықтың бетін ашып, той рәсіміне қатысуы, ол бір ерекше жаңалық еді. Жұрт бұның Мұстафа Кемальдың өз өтініші бойынша жасалғанын айтады.

Қалыңдықтың беті орамалмен бүркемеленіп тұрмауын Мұстафа Кемальдың өзі талап етіпті. Сан ғасырлық мұсылман дәстүрі бұл тойда бұзылып, той жаңаша кейіпте болған. Мұстафа Кемальдың бұнысы Түрік отбасыларының жарқын болашақта осы өзгеріс бойынша қалыптасуына шақырған тың ұсынысы болды. Және Мұстафа Кемаль барлық жерде жанына әйелін ертіп жүрді.

Осман империясынан Түркия Республикасына бет бұрған шақта ерінің әйелін ерте жүруін қалыпты жағдайға теңеуді алғаш болып кемел ойлы Кемаль бастады. Турасында, Мұстафа мен оның Түркияны батыстық үлгіге шақырған, батыстық үлгіні енгізген – ең алғашқы қарлығаштар! Түркияда батыстық бағыт дәл осы 1923 бастау алды.

Дәл осы жылы оқыс бір суық оқиға орын алған. Анкарадағы президенттік резиденцияға қастандық жасалды. Мұстафа тура келген ажалдан Латифе жұбайының тапқырлығы арқасында аман қалды.

 («Жаһан таныған жеті тұлға» кітабынан алынды)

Жалғасы бар.