ШЫМКЕНТТІК БОКСШЫ ДАНА ДИДАЙ – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ
Бокстан Польшаның Кельце қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем біріншілігінде шымкенттік спортшы күміс жүлдегер атанды.
75 келіге дейіні салмақта ел намысын қорғаған Дана Дидай финалда үндістандық Санамача Токчоммен шеберлік байқасты. Аса тартысты өткен бәсекеде жерлесіміз 2:3 есебімен жеңілді.
Осылайша, бокстан Қазақстан бойжеткендер командасы әлем біріншілігін 2 күміс, 3 қола жүлдемен аяқтады. Дана Дидайды AIBA президенті Умар Кремлев марапаттады.
Айта кетейік, Дана Дидай – Шымкент қалалық №5 кәсіпқой бокс түрлері клубының шәкірті.
⠀
Шымкент қалаы әкімдігінің баспасөз қызметі