ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
«Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы көше саудасы және (немесе) қызмет көрсету объектілерін орналастыру үшін жер учаскелерін сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі конкурсқа құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды. Өтінімдерді қабылдау мерзімі 04-19 мамыр аралығына жоспарланып отыр.
Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізімі:
– Абай ауданы, Гагарин көшесі, номерсіз, ауданы 0,0009 га (22-327-040-055);
– Абай ауданы, Қазына көшесі, номерсіз, ауданы 0,0009 га (22-327-028-056);
– Еңбекші ауданы, 16 шағынауданы, номерсіз, ауданы 0,0012 га (22-329-007-160);
– Еңбекші ауданы, Теріскей шағынауданы, номерсіз, ауданы 0,0016 га (22-329-005-253);
– Қаратау ауданы, Нұрсәт шағынауданы, номерсіз, ауданы 0,0009 га (22-330-050-259).
Конкурсқа қатысу үшін 10 жұмыс күні ішінде (2021 жылғы 04 мамыр сағат 09:00-ден 2021 жылғы 19 мамыр сағат 18:00-ге дейін) Фронт-офиске (Шымкент қаласы, Ерімбетов көшесі, 304 г, 1-қабат, «Заңғар» бизнес-орталығы) құжаттарды тапсыру қажет.
Комиссия отырыстарын өткізу күні сайтта жарияланатын болады. Сонымен қатар, Instagram-дағы @shymkent_invest ресми парақшасындағы «1000 сауда нүктесі» жобасы туралы ақпаратты қадағалауды сұраймыз.
Өтінімдерді қабылдау және кеңес беру мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Шымкент қаласы, Ерімбетов көшесі, 304/Г, 1-қабат, «Заңғар» бизнес-орталығы («Shymkent Invest» Фронт-офисі). Байланыс телефоны: 8 (7252) 39-11-77
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі