«KAZ PLAST TRADE» ЖШС-НІҢ ПОЛИЭТИЛЕН ҚҰБЫРЛАРЫНЫҢ КЕПІЛДІК МЕРЗІМІ – 50 ЖЫЛ

Шымкент қаласында 50 жылдық кепілдікпен берілетін полиэтилен құбырлары нарыққа шығарылуда. «KAZ PLAST TRADE» ЖШС сумен және газбен жабдықтау, кәріз жүйелеріне арналған заманауи полиэтилен құбырларын шығаруға маманданған кәсіпорын.

2009 жылы құрылған компания 10 жыл ішінде жоғары сапалы полиэтилен құбырлар өндірісін дамытты. Сапалы шикізат және озық технологияларды қолдану арқылы жоғары өнімділікті құбырлар нарыққа ұсынылуда. Полиэтилен құбырлары жоғары сұранысқа ие.

Кәсіпорын жеткізілетін өнімнің жоғары сапасына кепілдік беру, жеткізудің ең қысқа мерзімдерін, жеңілдіктердің икемді жүйесін қамтамасыз ету, клиенттерге ыңғайлы болу үшін жедел қорлар жасауға мән береді.
Полиэтилен құбырларын өндіруге арналған шикізат – өлшемі 3-4 мм түйіршіктер, олар жоғары тығыздықты төмен қысымды полиэтиленнен (HDPE) PE80 және PE100 маркаларынан үздік ресейлік және кореялық шикізаттардан алынады.

– Біздің құбырлардың жер асты монтаждау үшін кепілдендірілген қызмет ету мерзімі – 50 жыл. Осының арқасында бізге сенім артатын кәсіпорындар саны артып отыр. Және біздің қызметіміздің географиясы тұрақты түрде өсіп келеді, – дейді компания директоры Махаббат Қойбағарова.

Компания «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасына қатысты. 2021 жылы «KZI Bank» АҚ-тан айналым қаражатын толықтыруға және жабдық сатып алуға жылына 14 % несие алды. Оның 8 %-ын «Даму» Қоры субсидиялады.

Бүгінде мекемеде 50-ден астам адам жұмыс істейді. Компанияның алдына қойған басты міндеттерінің бірі – клиенттердің жоғары сапалы өнімге деген қажеттіліктерін толықтай өтеп және қысқа мерзімде қол жеткізу.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі