«ТҰРАН» КПЛ-ДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІСІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Түркістандық «Тұран» футбол командасы Қазақстан премьер- лигасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Футболдан Қазақстан чемпионатының 9-туры аясында «Ордабасы» командасымен матч өткізіп, түркістандықтар қарсыласын 1:0 есебімен ұтып, маңызды деген үш ұпайды еншіледі.
Бас бапкер Абдухалық Бөрібаевтың шəкірттері бұл кездесуде өздерінің дұрыс ойын тактикаларын жүзеге асыра білуінің нəтижесінде жеңіске жетті. Осылайша жерлестеріміз турнир кестесіндегі жағдайын біршама жақсартты. Гол соққан — «Тұран» командасының шабуылшысы Темірлан Әміров.
Премьер лига командадары арасында облыс намысын қорғайтын «Тұран» командасы енді 9 мамыр күні өтетін 10 — турда өз алаңы «Түркістан-Арена» стадионында Солтүстік Қазақстан облысының «Қызыл-Жар» командасымен күш сынасады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі