ҚАЛА ӘКІМІ АРДАГЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 9 мамыр – Жеңіс мерекесіне орай шаһардағы қарт майдангерлерді құттықтап, сый-сыяпат жасады. Бүгінде Шымкент қаласында 21 Ұлы отан соғысының ардагері тұрады.

Қала әкімі Еңбекші ауданы «Бадам 1» елдімекенінің тұрғыны, Ұлы отан соғысының ардагері Қалтай Бектасовтың шаңырағына барды. 97 жастағы қарт жауынгер әлі де тың. Мұрат Дүйсенбекұлы ардагерге сый-құрмет көрсетіп, ұзақ ғұмыр тіледі.

Қалтай Бектасов 1924 жылы Төле би ауданы, Қызылқанат ұжымшарында дүниеге келген. 1943 жылы 25 ақпанда соғысқа аттанып, қараша айында №44 атқыштар дивизиясында автоматшы, 1944 жылы қараша айында «байланысшы» қызметтерін атқарған. 1945 жылы ақпан айында 50 мың жауынгерлермен бірге жапон империалистерімен соғысуға аттанған.

1947 жылы елге оралған. 1947 жылдан 1967 жылға дейін Ленгір қаласындағы шахтада бригадир болып қызмет етті. атқарған. 1969 жылы 45 жасында зейнетке шықты. Сайрам ауданының құрметті азаматы, «Еңбек ардагері» төсбелгісі, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медальдарының иегері.
Бүгінде 3 ұл, 3 қыздан 34 немере, 56 шөбере және 15 шөпшек сүйіп отыр.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі