РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАС ТАЛАНТ» ОНЛАЙН-КОНКУРСЫ БАСТАЛДЫ
Түркістан қаласының оқушылар сарайы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап «Жас талант» онлайн байқауын жариялады. Оза шапқан талант Халықаралық қазақ-түрік университетінің Түркия Квотасына ие болады.
Байқаудың мақсаты – оқушылар және студенттердің шығармашылық қабілетін арттыру, патриоттық сезімін ояту, тәуелсіз елге деген құрметін күшейту, елдік сананы ояту, өнерлі жастарға қолдау көрсету. Қатысушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ынталандыру және шын талант иесін анықтап, қолдау көрсету.
Онлайн форматта өтетін байқау 25 сәуір – 15 мамыр аралығында қатысушылардың өтінімдерін қабылдайды. Одан кейін 20-25 мамыр аралығында байқауға қатысушылардың бейнежазбаларын әлеуметтік желілерге жариялап, дауыс беру басталады. Жеңімпаздар қазылар алқасының шешімінің және («ұнату» санының көлемі) негізінде анықталатын болады.
Аталмыш байқау екі бағытта өтеді:
1. «Өнерлі жас» сайысы
Талаптар: бойында сан түрлі өнері бар өнерпаз: Осы төрт өнерде бір өнерпаздың бойында болуы шарт. Өзінің нағыз талат иесі екенін айғақтайды;
1. «Эстрадалық ән орындау» патриоттық (минусовкамен) ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналуы тиіс;
2. «Аспаппен ән салу», кез келген халық әні жарамды (домбыра, гитара, пианино т.б кез келген аспаптың біреуімен);
3. «Көркем сөз оқу» Патриоттық өлең оқу немесе монолог (ақындық қабілеті болса өз шығармасынан);
4. Би өнері (өнерпаз биге ептілігін көрсетуі тиіс).
Әр осы аталған өнер 3-4 мин аспауы тиіс.
2. «Бармақтар» сайысы
Талаптар: Бұл сайысқа қатысушыларға әр түрлі бағытта болғандықтан жеке осы төрт саланың біреуін таңдауға рұқсат етіледі.
1. «Композиция» (түрлі тәсілдермен салу) ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты;
2. «Дизайн- сәндеуші», ұлттық нақышта заманауи талаптарға сай киім үлгілерін салу. (А3 форматы, барлық құрал-жабдықтарды пайдалану);
3. «Қол өнер бұйымдарын жасау немесе нобайын салу» киіз, тоқыма, ши, гобелен, жүннен жасалынатын заманауи бұйымдар (киіз, тоқыма, ши, гобелендер А3 форматы, ал жүннен жасалынатын бұйымдар көлемі қатысушының өз еркі);
4. «Сурет өнері» А3 форматы (қарындашпен салу, қатысушыға берілген суретті салу).
(Әр осы жасалынатын туынды толық қалай жасады бейнежазбаға түсірілуі тиіс)
Байқау шарттары:
• Байқауға республика көлемінде 200 үміткерге дейін қатысуға рұқсат етіледі. Конкурсқа ұйымдастыру комитетінің іріктеуімен ережеге сай келетін 50 үміткер екінші кезеңге өткізіледі;
• Байқауға 11 сынып оқитын орта мектептердің, мектеп- лицейлер мен оқушылары, коледж студенттері қатыса алады;
• Қатысушы даулы жағдайлар туындатқанда, байқаудың басқа қатысушыларына, Ұйымдастыру комитетіне тіл тигізген жағдайда байқаудан шеттетілуі мүмкін;
• Ұйымдастыру комитеті осы Ережеге, байқауды өткізу регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.
• «Бармақтар» сайысында орынға иеленген қатысушылардың қол өнер туындылары, бұйымдары Оқушылар сарайына табысталады.
Бейнеге қойылатын талаптар:
• Байқауға анық, айқын түсірілген және сапалы дыбыста жазылған бейне жазба (видеозапись) қабылданады;
• Киім үлгісі сахналық болуы тиіс;
• Түркістан қаласы Оқушылар сарайы Jas_talant2021@mail.ru
• Көрсетілген уақыттан кешіктірілген жұмыстар қабылданбайды!
• «Jas talant» онлайн-конкурсына қатысушылар 8000 теңге жарна төлеу арқылы қатыса алады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі