БАРЛЫҚ ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНАНЫҢ І ЖӘНЕ ІІ КОМПОНЕНТІ ЖЕТКІЛІКТІ – МИНИСТРЛІК

Барлық өңірде коронавирусқа қарсы вакцинаның І және ІІ компонентінің жеткілікті көлемі бар. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім етті.
«Биылғы жылдың ақпан айынан бері аймақтарға вакцинаның 3,9 млн астам дозасы жеткізілді, соның ішінде «Спутник V» вакцинасы ІІ компонентінің 1,2 млн дозасы және «Hayat Vax SARS-CoV-2 Vero Cell» (Синофарм) вакцинасының 800 мың дозасы бар. 18 мамырдағы жағдай бойынша, қазіргі кезде вакцинаның ІІ компоненті/дозасының 750 мыңға жуық дозасы бар. Соның ішінде «Спутник V» вакцинасы ІІ компонентінің 324 мың дозасы және «Hayat Vax SARS-CoV-2 Vero Cell» (Синофарм) вакцинасының 400 мың дозасы бар. Бүгінде барлық аймақта КВИ-ге қарсы вакцинаның І және ІІ компонентінің/дозасының көлемі жеткілікті», — делінген комитет ақпаратында.
«Тұрғындардың жоғары сұранысына байланысты жекелеген елді мекендерде вакцина жетіспеушілігі болуы мүмкіндігін атап өту керек. Мұндай жағдайда аумақтық денсаулық сақтау басқармаларына талдау жүргізіп, вакциналарды сұранысқа қарай қайта үлестіру кеңес етіледі. Бүгінде Денсаулық сақтау министрлігі өңірлерді вакцинаның қажетті көлемімен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырып жатыр», — деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен.