БӨЛІП ТӨЛЕУ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ТҰРҒЫН ҮЙ

Тұрғын үй — әр екінші қазақстандықтың маңызды мәселесі. Жылдар бойы кезек күтіп, пәтер жағалағандар, пайызы жоғары ипотекалық бағдарламамен үй алып, тапқан-таянғаны бір баспанадан артылмағандардың бас ауруына айналғаны рас. Бірақ, кезекке тұрайын десе санатқа сай келмей, пайызбен алайын десе табысы тура келмей жүрген жандар да бар. Осы мәселелерді ескере келе, «Халық аманатын арқалап, пайызсыз баспана береміз» деп бастама көтерген «Amanat home» ТК-нің толық шарттарын, жай-жапсарын  білмек болып хабарластық. Біздің сұрақтарымызға Шымкент қаласы бойынша ресми өкіл Жасұлан Байкежанов мырза жауап берді. 

— «Аманат хоум» қандай жоба? Алғашқы сұрағымызды осылай бастайық. Себебі, бұл жобаның қолға алынғанына едәуір уақыт болса да көп халық біле бермейді. Алдына қойған мақсаты қандай?

—  «Amanat Home» — тұтыну кооперативі. 2018 жылы Алматы облысы, Талғар қаласында ресми түрде тіркелген. Amanat Home — тұрғын үй немесе коммерциялық жылжымайтын мүліктерді артық төлемсіз, пайызсыз, 10 жылға дейін бөліп төлеу бағдарламасын ұсынады. Алдымызға қойған басты мақсатымыз — әрбір Қазақстан азаматы, біздің бағдарламаларымыз арқылы армандаған баспаналарына қол жеткізіп, пайызсыз өмір сүруі.

-Басқа кооперативтерден айырмашылығы неде?

— Amanat Home, жалпы Қазақстан Республикасының тұтыну кооперативі туралы Заңы бойынша жұмыс жасайды. Біздің іске қосылып жатқан жобаларымыз және біздің шарттарымыздың басқа кооперативтерден айырмашылығы аз емес. Нақтырақ айтар болсақ:

— Қазақстан бойынша бүгінгі күні 36 ресми өкілдіктеріміз бар.
— Біз төлемдерді тек Банк арқылы қабылдаймыз. Қолма қол ақша жүрмейді.
— Қазіргі уақытта 2 жобамыз іске қосылған және бұйырса жақын жоспарда 3 жаңа бағдарлама іске қосылады.
— 10 жылға дейін пайызсыз бөліп төлеу мүмкіндіктері бар.
— Пайызсыз, айыпсыз, артық төлемсіз бағдарламалар.
— 450 ден астам жылжымайтың мүлік алынған.
— 4000 нан астам салымшылар тіркелген.

— Тіркелудің шарты қандай? Кезек қалай жылжиды? Салымшының қанша уақытта үй алуға мүмкіндігі бар?

— Жылжымайтын мүлікті алу бағдарламаларымыз: жылжымайтын мүліктің болжамды бағасынан 35% немесе 55% салып, 12 айда кезегін күтіп, өзі таңдаған баспананы алуға болады. Жылжымайтын мүліктің болжамды бағасынан 5% кіру жарнасын бірден салып, қалған 30 немесе 50 пайыз алғашқы жарнасын 3 жылға дейін жинақтап, өзі қалаған баспананы алуға болады. Жылжымайтын мүліктің болжамды бағасынан 60% бірден салып, 90 жұмыс күннен кейін, өзі таңдаған баспананы Кезексіз алуға болады. Бұл Қазақстандағы Алғашқы Amanat Start деген, кезексіз және пайызсыз бағдарлама.

— Халық қаптаған кооперативтерге алданып, «аузы күйген». Күмәнмен қарайды. Салымшыларыңызға қандай кепілдік бересіздер?

-Біздің кепілдіктеріміз:
▪️Барлық келісім-шарттар ҚР Заңымен қорғалған.
▪️»Amanat Home» ТК, Әділет министрлігінде тіркеуден өткен.
▪️Төлемдер тек банктер арқылы өткізіледі.
▪️Баспана алу келісім-шарттары нотариалды түрде жасалынады және Әділет департаменттерінде тіркеуден өтеді.
▪️Жылжымайтын мүлік Amanat Home жарнашысының атына тіркеледі. Жылжымайтын мүліктің құжаттарының тұпнұсқасы жарнашының қолына беріледі.
▪️Жылжымайтын мүлік міндетті түрде сақтандырудан өтеді.
▪️Жинақталған қаражатты қайтару кепілдігі бар.

— Және соңғы сұрақ — Қазақстан бойынша қанша отбасы үй алды? Шымкент қаласы бойынша кезекте тұрған жандардың саны қанша?

-Қазақстан бойынша 450ден астам баспана алынды.
Шымкент қаласындағы салымшылардың саны 400 ден асып бара жатыр.

— Жауаптарыңызға рақмет!