ШЫМКЕНТ: 1000-НАН АСТАМ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН АРДАГЕРЛЕРІ МЕН ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАРДЫҢ БАЛАЛАРЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖАСАЛДЫ

Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, қуғын-сүргін ардагерлеріне және қайтыс болған ардагерлердің балаларына 5 АЕК, яғни 14 585 теңгеден біржолғы қаржылай көмек есеп шоттарына аударылған.
Жергілікті мәслихаттың шешімі бойынша, 1306 азаматқа төлем жүргізіліп отыр.
Елбасының жарлығына сәйкес, 1997 жылдан бері 31 мамыр — Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Шымкент қаласында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын қуғын-сүргін құрбандары және зардап шеккен адамдар жыл сайын бір реттік ақшалай төлеммен қамтылуда.
Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргін құрбандарына, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын азаматтарға әлеуметтік төлемдердің басқа түрлеріне қарамастан, 1,07 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 2973 теңге көлемінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы