ШЫМКЕНТ ТУРИСТЕР ҚАБЫЛДАУДА 5 ОРЫНДА
Шымкент қаласының туризм саласын да мыту бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.
Республикалық көрсеткішке сәйкес, қалаға келген туристер саны бойынша Шымкент қаласы 5 орында. Оның ішінде резиденттер (ҚР азаматтары) бойынша да 5 орын болса, резидент еместер (шет ел азаматтары) бойынша да 5 орынға жайғасқан.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың айтуынша, биыл бес айда қалаға келуші туристердің саны – 71 156 адамға жетіп, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (47 741 адам) 149,1%-ға ұлғайған. Ішкі туризм бойынша келушілер саны – 69 733 адам, кіру туризмі бойынша келушілер саны – 1 423 адам.
Статистикалық деректер бойынша 3 айда орналастыру орындарында 99 756 төсек-тәулік ұсынылып, төсек-орын (бір жолғы сыйымдылық) саны – 4 889 бірлікті құрап, 111,5%-ға артып отыр.
Сондай-ақ, биыл туристер үшін «Shymkent Tourism Center» туристік-ақпараттық орталығы» КММ-і құрылып, Visit-shymkent.kz порталы жұмыс істеуде.
Ал көлікке қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы Шымкент бағытында «FlyArystan» әуекомпаниясы тарапынан 7 рейс ашылса (Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар), биыл қосымша 3 рейс іске қосылды (Ақтөбе, Орал және Семей).
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі