ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ БЕТПЕРДЕ ТАРАТЫЛУДА
Шымкент қаласында эпидахуалдың тұрақсыз болуына орай, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында жаппай бетперде тарату және ауқымды дезинфекциялау жұмыстары атқарылуда.
Залалсыздандыру жұмыстары қоғамдық көліктерде, теміржол вокзалы мен халықаралық әуежайда және адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарда жүргізілуде.
Дезинфекциялау қоғамдық көліктерде күніне екі рет жүргізіледі. Карантин талаптарына сәйкес ревизорлы бақылау қызметкерлерініңде киім үлгісі өзгерген.
Жалпы қалада 16 тасымалдаушы болса, онда 1050 қоғамдық көлік тұрғындарға қызмет көрсетуде. Халыққа барлық жерде бетперде тағу міндеттелген.
Сондықтан бүгін барлық қоғамдық көліктерде бетперде тегін таратылуда.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі