Кенеттен көтерілген шенеуніктер

«Биік мансап – биік жартас: ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады», — дейді данышпан Абай. Шенеуніктердің арасында еңбек жолын қарапайым жұмысшы ретінде бастап, тер төгіп өскендер де, бірден жоғары лауазымға қол жеткізіп, үкімет пен министрлік «креслосына» отыра қалғандар да бар. Әсіресе, соңғылары көбірек сияқты. Qamshy.kz ақпарат агенттігі кенеттен  көтерілген шенділердің тізімін жасап көрді.

1. Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы

Әр жылдары теміржол жүйесі мен теңіз порттары агентіктерінде жұмыс істеген Жеңіс Қасымбек 2005 жылы ҚР көлік және коммуникация министрі болып сайланады. Негізгі мамандығы – «Сәулетші-дизайнер», «Экономист-менеджер». Бір қызығы, 1997 жылы жоғары оқу орнын бітіре сала, бірден «ТемірБанк» ААҚ бас банкирі қызметіне орналасқан. Ары қарай тек «бастық» лауазымын сәтті жалғастырып, министрлік деңгейінен түспеген. Оның себебі де бар, әрине.

Жеңіс Қасымбек – билік жүйесіндегі тұрақты тұлғалардың бірі Махмұт Қасымбектің ұлы. Қазақстан тәуелсіздік алғалы бір ғана қызметте – президент аппаратында болған Махмұт Қасымбектің екі ұлы да қазір жіліктің майлы басын ұстап отыр. Жеңіс Қасымбек екінші рет министр атанып үлгерсе, екінші ұлы Ардақ Қасымбек –  «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының вице-президенті. Кейбір саясаткерлер Махмұт Қасымбекті президенттің адамы деп есептейді. Демек Жеңіс Қасымбекке де әкесінің атақ-абыройы сеп болған секілді.

2. Айсұлтан Назарбаев

Австрияда америкалық халықаралық мектепті, британ әскери академиясын бітірген. Футболмен әуестенетін А.Назарбаев 2015 жылы «қазақ футболын дамытуға барымды саламын» деген уәдемен Қазақстан футбол федерациясының президенттігіне өзін ұсынған. Бұған дейінгі тәжірибесіздігіне қарамастан, ол 2017 жылы аталмыш федерацияның вице-президенті болып сайланды. Алайда көп ұзамай сол жылдың қазан айында орнынан босатылды.

Былтыр А.Назарбаев осыған дейін өзінің есірткіге тәуелді болғанын айтып ағынан жарылды. Осы орайда есірткіге қарсы күрес орталығын ашуды жоспарлап отырғанын мәлімдеген болатын.

3. Мәдина Әбілқасымова

 

Жақында еліміздегі шенеунік әйелдердің сапына Мәдина Әбілқасымова  қосылды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалған ол бұған дейін вице-министр болған. М.Әбілқасымованың бірнеше жоғарғы білімі бар. Стратегиялық жоспарлау агенттігінде, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрілгінде басшылық қызметтер атқарған. Алайда, ең қызығы, бір жерде көп тұрақтамай, бір-екі жыл сайын жұмыс орнын ауыстырып отырған.

М.Әбілқасымованың әкесі Ерасыл Әбілқасымов – 2005 жылғы прездент сайлауына қатысқан қазақстандық танымал ғалым.

Бір айта кетерлігі, М.Әбілқасымова небәрі 24 жасында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министірлігінің басқарма басшысы қызметіне тағайындалған. Қызмет жолын тек министрліктер қабырғасында өткізген Әбілқасымова 28 жасынан бастап вице-миниср дәрежесінен төмен түспеген. Жаңа министр өзіне дейінгі экс-министр Тамара Дүйсенованың қателіктерін қайталамауға, жұмыссыздар мәселесін аз уақытта шешуге уәде етті.  Жақында қазақша қойылған сауалға қазқаша жауап бере алмағыны үшін қатты сынға қалған болатын.

4. Тимур Сүлейменов

Үкімет деректеріне сүйенсек, Тимур Сүлейменов мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2009 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі болып бастаған. Бұған дейін  Ernst & Young Казахстан, «ҚазМұнайГаз» компанияларында жұмыс істеген ол 2009 жылы аяқ астынан вице-министр атанып шыға келген.

2016 жылы Ұлттық экономика минстрі болып тағайындалған Тимур Сүлейменов қазақ тілін білмегені үшін бірталай сынға ұшыраған. Мәскеуде тұрғанда ана тілін ұмытып қалғанын айтып ақталып, жарты жылда тілді үйренуге уәде берген. Обалы не керек, қазір баяндамаларын қазақ тілінде оқуға тырысып-ақ жүр. Тимур Сүлейменов кеше ғана сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммедтің сауалына қазақ тілінде мардымды жауап бере алмай, Сенат төрағасынан сөз естіп қалды.

Үкімет деректеріне сүйенсек, Тимур Сүлейменов мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2009 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі болып бастаған. Бұған дейін  Ernst & Young Казахстан, «ҚазМұнайГаз» компанияларында жұмыс істеген ол 2009 жылы аяқ астынан вице-министр атанып шыға келген.

2016 жылы Ұлттық экономика минстрі болып тағайындалған Тимур Сүлейменов қазақ тілін білмегені үшін бірталай сынға ұшыраған. Мәскеуде тұрғанда ана тілін ұмытып қалғанын айтып ақталып, жарты жылда тілді үйренуге уәде берген. Обалы не керек, қазір баяндамаларын қазақ тілінде оқуға тырысып-ақ жүр. Тимур Сүлейменов кеше ғана сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммедтің сауалына қазақ тілінде мардымды жауап бере алмай, Сенат төрағасынан сөз естіп қалды.

5. Аңсар Мұсаханов

Бұл тұлға – ақпарат кеңістігі үшін «жұмбақ адам». Мамандығы – мал дәрігері, мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері. Интернеттегі ашық деректерге сүйенсек, еңбек жолын қарапайым жұмысшы болып бастаған екен. Ауылдық округ, аудан, облыстарда қызмет атқарып жүрген Аңсар Мұсаханов 2010 жылы аяқ астынан Алматы облысының әкімі болып тағайындалды. Халық арасында оның бұл қызметке келуі алдын-ала жоспарланған деген сыбыстар тарады. Сөйтіп жүргенде 2014 жылы көпшіліктің күмәнін келтірген тағы бір жаңалық болды. Мұсаханов Алматы облысының атынан ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып сайланады.

 6. Дәурен Абаев

Еліміздегі жас министрлердің бірі Дәурен Абаев 2001 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды бітірген соң өзінің қызмет жолын бірден Сыртқы істер министрлігінен бастайды. Елшілікте, министрліктер мен президент аппаратының баспасөз хатшылығында жұмыс істейді. Небәрі 36 жасында министр атанады.

Ересек буынға қарағанда жаңа толқынның  артықшылығы көп деседі.  Олардың білімі де жоғарырақ,  көңіл көкжиегі де кеңірек, барлық жағынан креативті.  Алайда жас шенеуніктердің басты кемшілігі – облыс, аудандандарда еңбек өтілінің жоқтығы. Мәдина Әбілқасымова, Тимур Сүлейменов, ҚР министрінің орынбасары Ерболат Досаев, қаржы министрі Бақыт Сұлтанов және біз айтпаған біраз шенеуніктің қызмет жолы үкімет дәліздерінде басталған.

http://www.qamshy.kz/