МЕРЕЙТОЙҒА ОРАЙ САУДА НҮКТЕЛЕРІНДЕГІ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары және Шымкент қаласының Полиция департаменті «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының» қызметкерлері бірігіп, қаладағы сауда нүктелеріндегі есірткі заттарын насихаттаудың және жарнамалаудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жауапты мамандар аймақ кәсіпкерлеріне жүгініп, адамның ой түйсіктеріне кері әсер ететін, есірткі заттарына қызығушылығын қалыптастыратын бейнелер мен жазулары бар заттарды сатуға тыйым салынғанын айтып өтті. Оның ішінде сатушылар мен сауда иелеріне ашық түрде есірткі заттары бейнеленген киім-кешектерді, тұрмыстық бұйымдарды сатқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.
Сауда иелері де өз тараптарынан өскелең ұрпақ үшін алаңдайтындықтарын білдіріп, екі тараптың ойы бір жерден шықты. «Жас ұрпақ – ұлттың ертеңі», жастарды жамандықтан қайтарып, жақсылыққа шақырып отыруға қоғам мен ата-ана бірдей жауапты.
Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады.
Нұрила БАТЫРБЕКҚЫЗЫ.