ҚАЗАҚСТАН ҚОРЖЫНЫНДА ТАҒЫ БІР ҚОЛА МЕДАЛЬ

Зілтемірші қызымыз Зульфия Чиншанло ауыр атлетикадан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

55 келіге дейінгі салмақта отандасымыз екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 213 келіні еңсерді (90+123).

Осылайша, Қазақстан құрамасы Олимпиадада үш қола медаль еншіледі.