ЕКІ ҒАСЫРДЫ ТҰТАСТЫРҒАН ЖАМБЫЛ
Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы аталып өтуде. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Жарлығымен ұлы ақынның мерейтойын жоғары дәрежеде ұйымдастырып, мазмұндық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында арнайы мемлекеттік комиссия құрылған.
Жыр алыбы Жамбылдың мол мұрасы әлі де көп зерттеуді қажет етеді. Екі ғасырды тұтастырған жырау, айтыскер ақын, дарабоз дүлдүлін қазақ елі әрқашан ыстық ықыласпен еске алады. Жамбыл атақты ақын Сүйінбайдың шәкірті болды. Ол көп жылдар бойы ұстазымен бірге жүріп, оның айтысын тыңдап, ақындық шеберліктің тәжірибесін үйренді. Ұстазы оған: «Жақсы сәтте, сәттілік сенімен бірге болсын, ұлым! Адамдардың жадынан шығып кетпейтін, қуана есте сақтайтын өлеңдер шығар, сенің өлеңдеріңе тек санаулы адамдар ғана емес, бүкіл халық құлақ түрсін. Сенің өлеңдерің кеудеден емес, жүректен шықсын. Шындық туралы айта отырып, әділеттілікті жырла, басқалар салып кеткен жолмен емес, айналада болып жатқандарға қарап, біліп, өз жолыңды тап. Хан қазынасынан гөрі жаның бай болсын»,- деп батасын берген екен.
Жамбыл жырлары әлемнің 160 тіліне аударылған.