ЕЛБАСЫ АМАНАТЫ ЖӘНЕ АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ

Қазақ халқы ғасырлар тоғысында тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен бірге Тәуелсіздік, азаттық деген ақ періштені қолына қондырды. Бұл біздің қаншама ғасырлар бойы күткен арманымыз еді.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Елбасы Н.Ә.Назарбаев қазақ тілінде ақпарат тарататын журналистермен болған бір кездесуде қазақ халқының тәуелсіздік тарихы жолындағы күрестерде өшпес із қалдырған алаш қайраткерлері жайында ағынан жарылып ой бөлісті. Елбасы әрдайым Қазақстанның еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін жанын пида етіп күрескен көптеген батыр бабаларымызды еске алып отырады, олардың қатарында әйгілі қолбасшы, қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлы, батырлар Сырым Датұлы, Махамбет пен Исатай, Қанжығалы Қабанбай, Қаракерей Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай секілді ардақты батырларымыздың есімдері құрметпен аталады. Бұл тұлғалардың барлығы да қазақ халқының ерлік тарихында аттары алтын әріппен жазылатын жандар. Әсіресе, Елбасының қадап айтқан мәселелері алаш ардақтыларына байланысты болды. «Алашорданың мүшелері алғашқы Ақпан революциясына ілесе шыққан күрескерлер еді».

Алашордалықтар арман еткен тәуелсіздікке ХХ ғасырдың соңында ғана қол жеткіздік. Жас мемлекетіміздің іргесін берік ету, дамыған, өркениетті елдердің қатарына қосу, жап-жас, енді ғана салынып жатқан Астананы көркейту, әлемдік деңгейдегі сәулетті қала қатарына қосу әрекеттері, осындай ізгі идеяларды байыпты түрде жүзеге асыру Елбасымыздың жүргізген көреген саясатының тәтті жемістері. Осы тұрғыдан ой түйген Елбасы: «Біз өз мемлекетіміздің әлі жас екенін, буыны жаңа бекіп, бұғанасы жаңа қатып келе жатқан елге төнетін қатер де кездесуі мүмкін екенін естен шығармауға тиіспіз. Босаңсымауымыз керек»,-деп қатты ескертеді.

Тәуелсіздік жолындағы күреске ғұмырын арнаған алаштықтардың басынан қауіп-қатер бұлты бір күн де кеткен емес, оған тарих куә. Олардың жанкешті күресі арқылы қолымыз жеткен азаттықты да қандай қауіптен болса да қорғауға енді біз дайын болуымыз керек. Елбасы осыны ескертеді.

Нұрсұлтан Әбішұлының осы алаштық ұландарға қатысты айтылған ғибратты пікірінің түйіні төмендегідей: «Алаштың асыл аманаты бізді ауызбірлігімізді күшейтуге шақырады.