ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысын қабылдап, алты айда атқарған жұмыстарының есебін тыңдады.
Басқарма басшысы Б.Дүйсебековтің сөзінше, биыл 6 айда қала экономикасына 131,8 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 18,9%-ға артқан. 7 айда бұл көрсеткішті 165 млрд. теңгеге жеткіземіз деп отыр.
Сонымен қатар, 2021-2025 жылдар жалпы құны 2,6 трлн. теңгені құрайтын 282 инвестициялық жоба іске асырылып, 20 мыңнан аса жаңа жұмыс орнымен қамтылатын болады. Оның ішінде, 2021 жылы жалпы құны 166,7 млрд. теңгені құрайтын, 2,5 мың жаңа жұмыс орнымен, 68 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланған. Бүгінде 10,2 млрд. теңгеге 10 жоба жүзеге асырылған.
Жиынды қорытындылаған қала әкімі Шымкентті инвесторлар үшін тартымды қала қылу үшін барлық жағдайды жасап, инвестициялық жобаларға ерекше көңіл бөлу керектігін айтты. Индустриялды аймақтарға қолға алынған жобаларға тұрақты мониторинг жұмыстарын жүргізіп, мәселелерін шешуде мемлекеттік қолдаулар көрсетілуін тапсырды. Апта сайын өткізілетін инвестштабта берілген тапсырмалардың орындалуын қатаң бақылап отыратынын жеткізді.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Мақала авторы

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.