ШЫМКЕНТТЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ ҚАРҚЫНДЫ

Шымкент қаласында кәсіпкерлікті мемлекттік қолдау бағдарламаларының іске асырылуы.

2021 жылға мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін жергілікті және республикалық бюджеттен 10,2 млрд. теңге, қаржы бөлінген өткен жылмен салыстырғанда 3 есе артық (2020 жыл  3,2 млрд. теңге).

«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде 4 826,0 млн.теңге (РБ –
1 676 млн.тг., ЖБ – 3 150 млн.тг.) бөлінген, оның ішінде:

1) банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 2 845,0 млн. теңге(ЖБ – 1 800 млн.тг, РБ –1 045 млн. тг);

2) банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіру бойынша 1 785,0 млн. теңге(ЖБ – 1 200 млн.тг, РБ — 585 млн. тг);

3) мемлекеттік гранттар ұсыну бойынша 196 млн. теңге (ЖБ – 150 млн.тг, РБ — 46 млн. тг);

2021 жылдың 1 шілде жағдайы бойынша «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде 2 996,3 млн. теңгеге 970 жобаға қолдау көрсетілді.