ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ИНТЕРТПЕН ҚАМТУ ҚАРҚЫНДЫ

2020-жылдан бастап Шымкент қаласын сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып, жұмыстар үш кезеңге бөлінді. Алғашқы кезең бойынша бүгінгі күнге қаладағы шағын аудандар мен тұрғын алаптар аумағына 11 базалық станция орнатылды.

2021 жылы қала аумағын сапалы интернетпен қамтамасыз етудің  2-кезеңінде 14 жердің координататалары мобильді байланыс операторларымен келісілді.

Оның 8 нүктесі жеке инвестор есебінен, 6 нүктесі әкімдікпен мобильді байланыс операторлорымен бірлесе жеке нысан иелерімен тікелей келісуі арқылы іске асырылады. 8 жер телімінің 2-не  (Тассай мен Ынтымақ шағын аудандары) антенна-матчталық құрылғы орнатылып, электр энергиясына жалғау жұмыстары басталды. Қалған 6 нүкте бойынша инвестор тарапы жер қазу жұмыстарын жүргізуде.

Жеке нысан иелерімен келісу көзделген 6 нүктенің 2-не (Абдулабад, Забадам) базалық станциялар орнатылып, электр энергиясын тарту жұмыстары басталды. Қалған 4 жер телімі бойынша коммерциялық нысан иелерімен келісіліп, монтаждау жұмыстары басталды.

Бұдан бөлек, қала аумағындағы интернет сапасы төмен 30 тұрғын алаптар анықталып, оптика тарту жұмыстары жүргізілуде.

«Digital Elements» ЖШС тарапынан қала аумағындағы Көкбұлақ, Тассай, Таскен, тұрғын алаптарындағы 4 көшелерге (400 үйге) кабель жүргізілді.

Ал, «I-LinkNet» ЖШС тарапынан Ақжайық шағын ауданына талшықты оптика желісі толық (100%) жүргізіліп, 4000-ға жуық үйге талшықты оптика желісі тартылып, оның ішінде 200 ден астам үй өтініш беру арқылы жоғарғы жылдамдықты сапалы интернетке қосылып,158 үйге кабель жүргізілді.