БИЫЛ 2385 МЕКТЕПТІ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫМЕН ҚАМТУ ЖОСПАРЛАНУДА

 Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына 3740 бейнебақылау камераларды орнату үшін бюджеттік өтінім енгізіліп, ағымдағы жылдың 18 наурыз күні өткен кезекті мәслихат сессиясында қолдау тапты. Мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, жеңімпаз анықталды. Орнату жұмыстары басталды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы 2385 мектепті бейнебақылау камераларымен қамту жоспарлануда. Қазіргі таңда техникалық ерекшілік Ұлттық Қауіпсіздік Комитетімен келісіліп, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілді.

«CifrON» компаниясымен «Бадам» өзенінде, сондай-ақ «Бадам» және «Тоғыс» су қоймаларында су деңгейін қадағалау үшін мониторинг датчиктері пилоттық режімінде орнатылып, қоймаларындағы судың толтырылуын бақыланды.

Пилоттың мерзімі аяқталуына байланысты, Шымкент қаласының төтенше жағдай департаментінен нәтижесі сұратылып,  Текесу және Ақжар су қоймаларында орнату жұмыстар жүргізілуде.