ШЫМКЕНТТІҢ АЯЛДАМАЛАРЫ «АҚЫЛДЫ»

Еліміздің үшінші мегаполисінде көлік саласын цифрландыру бағытындағы жұмыстарды жандандыру мақсатында 2021 жылға бірқатар жоспарлар және міндеттер  қойылып отыр.  

 

Пилоттық режиминде IDC компаниясымен бірлесе Солтүстік (Север) аялдамасына «Ақылды аялдама» орнатылды. Аялдаманын сыртында LED экран орнатылып, кез келген жарнаманы немесе қоғамдық көліктердің қозғалысын жария етуге болады. Қазіргі таңда электроқуатты жүргізу мәселесі пысықталуда.

Көшелерден өтетін азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түнгі уақытта жаяу жүргіншілер өткеліне жаяу жүргіншіде  ақылды жарықтандыру орнатуы жоспарлануда.

Қазіргі таңда пилоттық жоба 3 жерде іске асырылуда.

Қоғамдық көлік қозғалысының уақытын хабарлайтын арнайы i-Kolik қосымшасы әзірленді. Ағымдағы жылы 15-18 сәуір күні Playmarket және Apple Store жүйелеріне енгізіліп, смартфондарға бастыруға мүмкіндік пайда болды.

Бұл жобаның іске асуы өз кезегінде халықтың  қоғамдық көлік қозғалысы туралы хабардар болуына, «Ақылды қалалар» рейтингісіндегі позицияның өсуіне әкелуі күтілуде.

Қазіргі таңда 100 мыңнан астам тұрғын қосымшаны жүктеді.