ЕЛБАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ СТРАТЕГИЯСЫ ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУДЫҢ НАҚТЫ ҚАДАМДАРЫН ҰСЫНДЫ
Ел тәуелсіздік алған жылдары дағдарыс шырқау шегіне жеткен еді. Осы кезде Елбасы Н.Назарбаев алыс болашақты қоя тұрып, елге орта мерзімді перспективалармен нарықтық экономикасы дамыған және соған тиянақ болатын заңнамасы, халықтың еркі мен парасаты салтанат құратын қоғамы бар, күшті де тәуелсіз мемлекет құрудың нақты қадамдарын ұсынды. Жылдар өте келе алғашқы прагматикалық жоспарды «күнкөріс стретегиясы» деп атауы кездейсоқ емес еді.
Республиканың алдында өзінің мемлекетттігін нығайту міндеті тұрды, демек биліктің тиімді институтын қалыптастырып, әлемдік мойындауға қол жеткізу, басқа елдермен әріптестік қарым-қатынасты реттей отырып, әртүрлі халықаралық ұйымдарға белсенді түрде қатысу керек еді.
Экономикалық саясаттың басым бағыттары ретінде банк жүйесін нығайту, еркін баға бағамына көшу, сыртқы сауданы ұлғайту, шетелдік инвестицияларға ыңғайлы жағдай қалыптастыру, тұтыну рыногын толтыруғ ең соңында мемлекеттік меншікті жекеге беру нақтыланды. 1992-1995 жылдар дағдарыстан өтіп, экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізудің қажеттігі туған кезең болды. Сондықтан да 1992 жылғы стратегия лайықты түрде сол кезеңдегі қоғам мен елдің тұрақтылығының айқын бағдары болып саналды.
Жас мемлекеттің жаңа саяси бағытын алғаш қалыптастырған 1992 жылғы стратегия одан ке йінгі жылдардағы мемлекеттік құрылыстың іргетасына айналды. Сол құжатта көрсетілген көптеген стратегиялық бағыттар, одан кейінгі экономика мен саясаттағы тұрақтылық пен бетбұрыстар жүзеге асқан кезеңде, толық мәнінде дамытылды.