ҚАЙТА ТҮЗЕЛГЕН КОНСТИТУЦИЯ – ЖАСАМПАЗ ЕЛДІҢ ЖЕМІСІ
Елбасы Н.Назарбаев әлдекімнің конституциясын құр көшіре салмай, керісінше басқа елдердің тәжірибесін талдау негізінде біздің еліміздің талаптарына барынша жауап бере алатын Негізгі Заң жобасын дайындау міндетін жүктеді. Сондықтан Конституцияның барлық ережелерінен біздің ерекше қазақстандық қолтаңбамыз, біздің халқымыздың өресі мен дәстүрлеріне және болашақтағы перспективасына сәйкесетін өз болмысымыз байқалып тұрады.
1995 жылдың 22 мамырында Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасын қарау және заң тұрғысында бағалау үшін ол арнайы құрылған консультативтік кеңеске жіберілді, ал 30 маусымда жалпыхалықтық талқылауға шығарылды.
Қазақстандықтар, өздеріне билік пен бір деңгейде елдің ең маңызды өқжатын жасауға қатысу сеніп тапсырылғанын түсіне отырып, мәселеге айрықша жауапкершілікпен қарады. Бір айға созылған талқылау барысында олар 30 мыңға жуық ескертулер мен ұсыныстар енгізді. Солар ескеріліп, Конституция мәтініне 1100 түзету енгізілді.
1995 жылдың 30 тамызында жалпыхалықтық референдум өткізілді. Референдумға ел азаматтарының 81,1 проценті қатысса, 90 процентке жуығы жаңа Конституцияны мақұлдап дауыс берді. Осылайша мемлекеттік құрылыс сенімді саяси-құқықтық негізге ие болды. Конституцияға сәйкес, тәуелсіз Қазақстан демократияшыл, зайырлы,унитарлы, әлеуметтік-құқықтық мемлекет, президенттік республика деп жарияланды.