ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ ЛАЙЫҚТЫ МЕРЕКЕ

Қазақстанда Президент ішкі және сыртқы негізгі бағыттарын нақтылайтын ең жоғары лауазымды тұлға, адам мен азаматтардың құқығы мен еркіндігінің кепілі болып табылады. Жоғары заң шығарушы орган – Сенаттан (жоғары палата) және Мәжілістен (төменгі палата) тұратын Парламент.

Әр облыстан және республикалық маңызы бар әр қаладан, сондай-ақ мемлекеттің астанасынан жоғары палатаға екі сенатор сайланады. 7 сенаторды Президент тағайындайды. Мәжілістің 67  депутаты бір мандатты аймақтық округтер бйоынша сайланады.

Үкіметті Президент құрады, ол Президентке өз қызметі туралы жауап береді және Парламентке есеп береді. Үкіметті Парламенттің мақұлдауымен Президент тағайындайтын Премьер-Министр басқарады.

Республиканың Жоғары сот органы – жалпы юрисдикциядағы соттардың қызметін бақылайтын және сот практикасындағы кез келген мәселені түсіндіретін Жоғарғы сот. Жоғарғы сот мүшелерін Президенттің ұсынысы бойынша Сенат сайлайды, жергілікті судьяларды Президент тағайындайды.

Біздің еліміздің тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 1 желтоқсан – еліміз бойынша «Тұңғыш Президент күні» ретінде атап өтіледі.