ЗАҢСЫЗ ЖАРНАМАЛАР АЛЫНДЫ
Шымкент қаласы Абай ауданы аумағында заңсыз орнатылған жарнамаларды жою мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері және қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының қызметкерлері қатысты.
Рейд барысында негізгі көшелердің бірі Темірлан тас жолы бойындағы заңсыз орнатылған жарнамалар анықталды. Нәтижесінде 15 заңсыз жарнама аудандық кірістер басқармасына тіркеуге жолданып, 10 жарнаманың заңдылығы анықталуда.
Сонымен қатар, рейдтік топ жарнама иелеріне заңсыздық қайталанған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабы яғни, тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысқан жағдайда әкімшілік шара қолданылатындығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жарнаманы орнатар алдын қалалық мәдениет басқармасымен келісіліп, кейін орнатқан мекенжайы, қанша уақыт тұратыны жайлы қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына хабар берілу керек. Әрбір жарнама кірістер департаментіне салық төлеу мақсатында тіркеледі.
Заңсыз орнатылған жарнама – қала көркін бұзады!
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі