ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СОТ БИЛІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1993 жылғы Конституцияның арқасында елдің сот жүйесі биліктің дербес тармағы мәртебесін алды. Алайда, кеңестік кезеңдегідей, соттардың өкілеттігі он жылмен шектелетін және бұрынғыша сот тәуелсіздігін қамтамасыз ететін механизмдер де болмады.

1994 жылдың ақпанында құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, соның арқасында сот органдарының қызметі реттелді, кассациялық өндірісті жүзеге асыратын және өзінен төменгі соттарды бақылауда ұстайтын жоғарғы иснтанция есебінде Жоғарғы Соттың өкілеттігі нақтыланды.

1995 жылы Конституция биліктің сот тармағын реформалауды одан әрі жалғастырды. Жоғарғы сот Арбитраждық сотпен біріктіріліп, бүкіл сот практикасы бірыңғай заңдық нормаларға бағындырылды. Осыдан бастап өмір бойы қызмет істеуге тағайындалатын соттардың тәуелсіздігі олардың ауыспайтынына және қауіпсіздігіне, сотты сыйламауға қатысты заңды жауапкершілікке, соттардың өкілеттіктері тоқтатылатын немесе тыйылатын нақты белгіленген негіздерге кепілдік беретін болды.

1995 жылдың қазан айында Мемлекеттік тергеу комитеті құрылған соң, оның қызметтік міндетіне – бұрын негізгі міндеті заңдар мен кез келген құқықтық актілердің бұрмалануын бақылау болып табылатын прокуратураға тиісті алдын ала тергеу функциясы жүктелді.

1995 жылдың желтоқсанында жаңа сот жүйесінің негізін қалаған «Қазақстан Республикасындағы соттар мен соттардың мәртебесі туралы» Жарлыққа қол қойылды және ұлттық айналымға тұңғыш рет «сот билігі» ұғымы енді. Дәл сол жылы тәуелсіз Қазақстанның бардық аумағында Негізгі заңның үстемдігін қамтамасыз ететін Конституциялық Кеңес құрылды.