ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ

Елбасы, байырғы Ел Президенті Н.Назарбаевтың 1997 жылы 6 наурызда «Шағын және орта бизнесті күшейту және оның жұмысын активациялау» Жарлығы жарык көргеннен кейін Республикамызда шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында кешенді де толық қанды көмек көрсету шаралары байқала бастады. Ал шағын бизнеспен айналысам деуші субъектілер саны күннен-күнге өсуде.

Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау ел Президентінің Жарлығынан кейін, және де «шағын және орта бизнесті қолдау туралы» Заңға сәйкес екі арнаға бөлінеді: Қамтамасыз ету және Басқарушылық.

Шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасының әмбебап әдісі ретінде салық жүйесі арқылы реттеу зор үлесін тигізеді. Өндірістің дамуының мықты стимулы ретінде дифференсиацияланған ставкасын бекіту және әр түрлі жеңілдіктер көрсету, қазіргі кезде қаржылық және несиелік ресурстарға қажеттілік уақытында көп әсер етпек.