ҚАУІПТІ ҚАРУСЫЗ ҚАЗАҚСТАН

Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз етудегі Елбасының ерекше қадамдарының бірі – ядролық қарудан бас тартуы. Рас, Президенттің бұл шешімін алғашында сын садағына алғандар да, қателікке санағандар да көп болды. «Қазақстан ядролық арсеналын пайдаланып, көршілес елдерге шарт-талаптар қою арқылы, мемлекет үшін тиімді несиелер мен көмек түріндегі экономикалық префенциялар алар еді» дегенді алға тартқан олар алдағы ахуалға басқа қырынан қарай алмады. «Біз жаһандық дүниеде өмір сүрудеміз, мұнда барлық үдерістер өзара байланысты, мұнда ортақ қауіпсіздік пен тұрақтылық ядролық қарудың болуымен емес, әрбір елдің, әрбір халықтың жауапкершілік өлшемімен қамтамасыз етіледі» деген Президент мәселенің мәнісіне терең бойлап, әріге қарай алды. Осылайша, ядролық арсеналдан бас тарту мемлекетті оны күтіп ұстауға кететін қыруар шығыннан босатты, жаңа мемлекет пен жаңа экономиканы тыныш жағдайда құруға мүмкіндік берді, саяси тәуекелдерден сақтандырды, әлемге ізгіліктің үлгісін көрсетті, сынақтан зардап шеккен ата-бабаларымыз арманы орындалып, болашақ ұрпақты уланудан сақтандырды. Бүгінде мұхит артындағы Американың өзі ядролық арсеналын азайтып жатыр…