Құны 20 млн теңге тұратын үйді 4 млн теңгеге ала аласыз
Астанада ҚР Парламентінің біріккен отырысы өтіп жатыр. Жиында сөз сөйлеген мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа «7-20-25» бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
—Біз халықтың баспанаға қол жеткізуі үшін соңғы жылдары көп жұмыс істедік. Былтыр 11,2 миллион шаршы метр тұрғын үй аумағы берілді. Бұл – бұрын-соңды болмаған рекордық көрсеткіш. Бірақ бұл жеткіліксіз. Әлі күнге дейін талай отбасы үйсіз-күйсіз жүр, — деді Елбасы.
Президент тұрғын үй ипотекасын жалпақ жұртқа қолжетімді қылу арқылы осы мәселені шешуді тапсырды.
— Жұмыс істейтін әр азамат несиеге пәтер сатып ала алатындай тетіктерді қарастыруымыз қажет. Мен «7-20-25» деген жаңа бағдарламаны іске қосуды ұсынамын. Еңбек етуші әр қазақстандық мынадай шарттармен тұрғын үйді қарызға ала алады: сыйақы мөлшерлемесі қазіргідей жылына 14-16 пайыз емес, 7 пайыздан аспайды.Қазір банктер бастапқы жарнаға 30, кейде 50 пайызын сұраса, бұл бағдарлама бойынша бастапқы жарна мөлшері 20 пайыздан аспауы керек. Несие 10-15 жылға емес, 25 жылға беріледі, — деп түсіндірді президент.
http://www.qamshy.kz