Нұрсұлтан Назарбаев: Жалақысы төмен азаматтар он есе аз салық төлейді
Астанада ҚР Парламентінің біріккен отырысы басталды. Жиынды ашқан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік салада бірқатар өзгеріс болатынын мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Елбасының сөзінше, салыстырмалы түрде жалақысы төмен азаматтар 2019 жылдан бастап он есе аз салық төлейді, яғни олардың салығы 1 пайыз ғана болады. «Бастау» бағдарламасы бойынша берілетін несиенің көлемі екі есеге көбейеді. Микрокредиттеу көлемі 2017 жылмен салыстырғанда екі есеге артады. Қазақстандағы 2 млн 700 тұрғынға газ құбыры тартылады. Астананы көгілдір отынмен қамтамасыз ету арқылы ауаға таралатын зиянды қалдықтар 6 есеге азаймақ. Президент Үкіметке осы газ мәселесін алдағы 1-1,5 жылдың ішінде шешуді тапсырды. Сонымен қатар білім беру саласында да оңтайлы өзгерістер болмақ. Елбасының айтуынша, жыл сайын берілетін 54 мың білім грантына қосымша 20 мың грант қосылады. Студенттерге арналған 20 мың жатақхана салынбақ.
http://www.qamshy.kz