ҚАЗАҚСТАН ИНВЕСТОРЛАР ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ
Қазақстан минералды ресурстарға, ауыл шаруашылығына қолайлы жерлерге, білікті кадрларға бай. Елде айтарлықтай өнеркəсіптік əлеуеті бар. Бірақ табиғи жəне еңбек ресурстарын одан əрі тиімді пайдалану үшін ірі капитал қажет. «Қазақстан 584– 2030» бойынша экономикамызға шетел инвестицияларын тарту міндеті қысқа мерзімде жүзеге асырылды. Дүниежүзілік банк республикамызды əлемдегі 20 елдің қатарына қосты.
ҚР-ның инвестициялық саясатын талдау арқылы мемлекеттің басты мақсаты болып, елдегі қолайлы инвестициялық ахуалды одан əрі қолжеткізу жəне экономикаға тікелей шетелдік инвестицияларды тарту болып табылатынын айта кеткен жөн. Қазақстан бүгінде ТМД елдер арасында жан басына шаққандағы тартылған шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша жетекші орынға ие. Тікелей шетелдік инвестициялардың (бұдан əрі — ТШИ) көлемі жан басына шаққанда 2013 жылы 1350 долл. / адам болды, ол 2006 жылғы көрсеткішті 2,5 есе жоғарылатады. Жан басына шаққандағы инвестиция көлемін салыстырсақ, Беларусь Республикасында — 1090 долл. / адам, Ресей Федерациясында — 130 долл./ адам құрады.
Қазақстан экономикасына тартылған инвестиция көлемі біздің еліміздің қолайлы инвестициялық ахуалы мен имиджін көрсетеді. ҚР-ның Ұлттық банкінің мəліметтеріне сəйкес, 2005 жылдан бастап 2014 жылға дейін ел экономикасына 196 млрд АҚШ долл. астам тікелей шетелдік инвестициялар тартылды (1-сур.). Өнімнің жалпы көлемі бойынша Ресей, Қазақстан ТМД елдер арасында ЖІӨ үлесі бойынша жан басына шаққандағы тікелей шетелдік инвестициялар тарту бойынша көшбасшы болып табылады
«Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанға 320 млрд. АҚШ долл. көлемінде тікелей шетелдік инвестициясын құйылған. Ал, соңғы 10 жылда ұлттық экономикаға түскен табыс мөлшері 250,2 миллиард долларды құраған. Аталмыш үрдіс Қазақстанның инвестициялық саясатының тиімділігін айқындап берді. Ел тарихында тікелей шетелдік инвестициялардың ең үлкен мөлшері 2012 жылы болыпты. Со жылы құйылған инвестиция мөлшері – 28,9 миллиард АҚШ долларын құраған. Ал, 2011 жылы – 26,5 миллиард АҚШ доллары, 2018 жылы – 24,3 миллиард АҚШ доллары мөлшерінде тікелей шетелдік инвестиция құйылған», — деген мәлімет берді Finreview.info қаржылық шолу агенттігі.