ТАЛАЙҒА ШАРАПАТЫ ТИГЕН «100 МЕКТЕП 100 АУРУХАНА»
Қайсыбір елді алып қарасаңыз да, қай елдің азаматын алып қарасаңыз да, кімге болса да ең алдымен денсаулық керек, денсаулық қымбат. Одан кейін білім керек. Бүгінгі жаһанданған заманда деннің сау болуы үшін дені дұрыс емдеу орталықтары, заманауи жабдықталған ауруханалар мен білікті дәрігерлер қажет. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзі ел басқарған жылдарда елде ауруханалар мен мектептердің жеткілікті болуына аса мән берді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде «100 мектеп пен 100 аурухана» жобасы қолға алынған болатын. «Үкіметке үш жыл ішінде еліміздің аталмыш нысандарға мұқтаж аймақтарында жүз мектеп пен жүз аурухана салуды тапсырамын»,- деді президент Нұрсұлтан Назарбаев. «Әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуды біз стратегиялық міндеттер деңгейіне дейін көтеруіміз керек»,- деп атап өтті мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұл жоба аясында Республикадағы аурухана мен мектеп тапшылығы бар елдімекендер мен қалаларда тиісті ғимараттар соғылып, қолданысқа берілді. Бұл жобаның шарапаты талай қазақ баласына тигені анық.