ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУДЕГІ ТӘУЕКЕЛДЕР

Қазақстан дербес жүзеге асырған мемлекет құрылысынан бір ерекшелігі – қаржы нарығындағы ахуал тек бізге ғана байланысты емес еді.

Басында жаңа тіуелсіз мемлекеттер ортақ валютаны аумақта қалу ниетін декларациялаған болатын. Кәсіпорындардың көпшілігі төлемді кеңестік рубльмен жасады. Төл валютаға күрт көшудің бәріміз үшін де кінәратты зардабы болуы мүмкін еді.

Достастық мүшелері өз төл валюталарын енгізгенше, рубль аймағын сақтау туралы келісімге қарамастан, 1993 жылдың 26 шілдесінде Ресей айналымға өзінің ұлттық банкноттарын шығарды. Одақтас республикалардың ішінде Қазақстанға бұрынғыша ескі үлгідегі рубль жеткізіліп, ол ақша массамын ұлғайтумен қоса, инфляцияны да күшейтті. Оның қандай әлеуметтік зардаптарға ұшырататынын түсінгендіктен, Елбасы ұлттық валютаны жылдам қарқынмен басып шығаруға тапсырма берді. Теңгені Ұлыбританияда басты. Біздің елімізде ол кезде қағаз ақша фабрикасы болған жоқ. Басып шығарылған теңге өте құпия жағдайда Қазақстанға жеткізіліп отырды.

Н.Назарбаев теңгені батыл түрде тікелей енгізу керегін түсінді. Алдымен – кезеңдік, сосын бір жылдан кейін түпкілікті валюта енгізу арқылы халықты екі рет күйзеліске түсіріп, психологиялық қысым жасауға болмайтын. Сондықтан талқылаудан соң жұмыс тобы теңгені бірден айналымға енгізуге бірауыздан дауыс берді.

Оның дұрыстығы айдан анық еді. Республика тәуелсіз ақша-несие саясатын жүргізе алатын. Жаңа банкноттағы бірнеше қорғаныс деңгейі оны қолдан жасау мүмкіндігін қысқартатын.

Осы тарихи оқиғаға байланысты Н.Ә.Назарбаев отандастарына тастаған үндеуінде осы сәттен бастап шынайы тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы мен дамуының өтпелі сәті болған кезеңнен өтіп, жаңа уақыт басталғанын айтты.