ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ — ЕҢ БАТЫЛ ШЕШІМ
1995 жылдың 1 наурызында Н.Назарбаев ҚХА-ны құру туралы Жарлыққа қол қойды. Біздің жас мемлекетіміз түрлі ұлт пен ұлыстың берекелі ортақ шаңырағына, туған Отанына айналды.
Қазақсан халықтары Ассамблеясы басынан бастап этностық топтар өкілдіктерінің механизмі, мемлекеттік этностық саясатты жүзеге асырудың маңызды институты есебінде ойластырылды. Ассамблеяның жоғары органы ел президентінің төрағалығымен өтетін сессия болып табылады. Оның барша шешімдерін мемлекеттік органдармен қоса, азаматтық қоғам институттары да міндетті түрде қарауы керек.
ҚХА-ның алғашқы сессиясы 1995 жылдың 24 наурызында Алматыда менің төрағалығыммен өтті. Оған Қазақстанның барлық облыстарынан 40 этномәдени бірлестіктің өкілдері қатысты.
Тереңнен ойластырылған ішкі саясат жүргізе отырып, көптеген сараптамалық болжамдар мен әртүрлі пиғылдарға қарамастан, біз қазақ жеріндегі этносаралық қарама-қайшылықтардың алдын алып, жанжалға, ішкі қиындықтарға жол бермедік және сол арқылы Қазақстанның көпұлтты халқының болашаққа жарқын жол салуына жағдай жасадық.
Осылайша, Қазақстан 1980-1990 жылдары ұлтаралық бейбітшілік пен келісімнің іскер формуласын жасап, этносаралық және дінаралық жанжалдарға жол бермеді, посткеңестік оқшаулану дағдарысынан аман өтті.