АНА МЕН БАЛА ҚҰҚЫҒЫ — БАСТЫ НАЗАРДА

Ана мен бала құқығы қашан да маңызды тақырып. Егемен елімізде ана мен баланың жағдайына жеткілікті көңіл бөлініп келеді. Себебі, ҚР Конституциясында мемлекеттің негізі – адам капиталы екендігі анық жазылған. Ана мен бала мәселесі назардан тыс қалған емес.

Осы негізде аналардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған бірнеше нақты қадамдар да жасалған болатын. Айта кетейік, мемлекет тарапынан бала құқығын қорғауға да айрықша мән беріліп отыр. Ол туралы Елбасы өз жолдауларында “Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі. Сондықтан олардың құқығы қорғаулы тиіс. Мен Елбасы ретінде әрбір сәбидің құқығының қорғалуын талап етемін. Біздің жерімізде туылған әр сәби- қазақстандық. Және ол сәбиді мемлекет қамқорлығына алуға тиіс” деген болатын.

2003 жылы демографиялық жағдайды көтеру және әлеуметтік қолдау мақсатында аналарға бала тууына байланысты бір реттік жәрдемақылар беріле бастады. Ал 2006 жылы бала бір жасқа толғанға дейін төленетін жәрдемақы тағайындалды.

Республиканың барлық өңірінде балалар құқығын қорғайтын және оларға заңдық тұрғыдан, психологиялық тұрғыдан, ақпараттық тұрғыдан көмек көрсетіп, қолдау білдіретін Департамент құрылған болатын. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасы бала құқықтары жөніндегі тағайындалған уәкіл де ана мен баланың құқығын қорғауға атсалысып, оларға қызмет көрсетуге даяр.

Қазақ елінде Ана мен баланың құқығы барлық тұрғыда қорғалған.