ЕЛБАСЫНЫҢ СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ЗОР
Қазақстан – аяғынан жаңа тұрған жас мемелекет болғанымен, әлемдік қауымдастықта тиімді экономикалық реформаларымен, жетілген демократиялық құндылықтарымен, этносаралық келісімнің моделін қалыптастырған бейбітсүйгіштігімен, әлеуметтік тұрақтылығымен танылды.
Егеменді мемлекетіміздің құрылуы мен дамуында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының сіңірген еңбегі зор. Оның тың бастамалары мен оң қадамдарының арқасында Қазақстан қысқа уақыт ішінде бұрынғы Кеңес одағы мемелекеттері арасынан жетекші ел ретінде танылып, әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналды. Барлық әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштер бойынша Қазақстан әлемнің озық мемлекеттерінің қатарына нық сеніммен қадам басуда.
Қазақстанның қазіргі бет-бейнесі мемлекеттің өндірістік дамуымен, жоғары технологиялық өнімі және халықаралық маңызы бар көлік жолдарын жасаумен, халықаралық жүйедегі сауда қатынастарына белсене араласуымен айқындалған.
Сондай-ақ, әлемдік қауымдастықта дұрыс қадамдар жасау арқылы халықаралық сипатқа ие жаңа бастамалар ұсынумен танылып келеді. Оның мысалы ретінде ядролық қарудан бас тартуын, мемлекетаралық ынтымақтастықтың әртүрлі форматтарына қатысуымен (ШЫҰ, АЈСШК, ЕурАзЭЫ, ҰҚКҰ), діндер сұхбатын өткізу және тағы басқаларды мысал етіп келтіруге болады.
Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуында Қазақстанның Тұңғыш Президентінің дара тұлғасы мен ақыл парасаты айрықша көзге түседі.