ДАҒДАРЫСТА ЕЛ ТАБАНЫН ТАЙДЫРМАҒАН — ҰЛТТЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ҚОРЫ
Әлемдік нарықта біздің экономикалық мүдделерімізді ілгері жылжыту негізгі міндеті болып табылатын ірі ұлттық компанияларды біріктірген «Самұрық» мемлекеттік холдингі құрылды. Даму институттары қызметін үйлестіріп, индустриялық жобаларды қаржыландыруға және экономиканы диверсификациялауға көмектесуге тиіс «Қазына» орнықты даму қоры ашылды. 2005 жылдан бастап 520 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Даму институттарының қамқорлығымен құны 2,2 млрд. АҚШ доллары тұратын 90 жоба қаржыландырыла бастады.
Ғылыми зерттеулерді ойдағыдай енгізіп, коммерцияландыру үшін белсенді кәсіпкерлік орта қажет. Егер де мемлекет ғылыми саланың дамуын, мысалы, мақсатты және кепілді қаржыландыру арқылы әлдеқалай реттеп
отыратын болса, ғылым мен өндірісті интеграциялау бойынша бастама жекешелік жолмен неғұрлым пәрменді жүргізілген болар еді. Бұл бастама азаматтардың тарапынан қолдау табуда.
Дағдарыс жылдары елімізде бизнестің «делдалдық» кезеңі болды. Қазіргі кезде қызмет көрсету саласы шапшаң дамуда. Алайда бізге бұдан да биікке ұмтылудың кезі келді. Бізге жоғары технологиялық тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетуге бағытталған бизнес қажет.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамы – әртүрлі саладағы мемлекеттік меншікті басқаратын холдинг. Холдингтің негізгі құрылтайшысы және иесі Қазақстан Республикасының Үкіметі. Қор ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы №669 Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына сәйкес «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамын біріктіру жолымен құрылды.
2006 жылдың қаңтар айында «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамы құрылды. Мемлекеттік холдингке «Қазақтелеком», «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы», «Қазақстан темір жолы» ҰҚ, «Қазпошта», «ҚазМұнайГаз» ҰҚ және басқа да 14 акционерлік қоғамдағы пакеттер өтті.
«Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы 2006 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен құрылған болатын. «Қазына» қорының негізгі мақсаты «Қазақстанның даму банкі», «Ұлттық инновациялық қор», «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры», «Экспорттық кредиттерді және инвестициаларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» Акционерлік қоғамы, «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ, «Қазақстандық инвестицияларға қолдау көрсету орталығы» сияқты ұлттық даму инстиутуттарының қызметін жүйелі түрде басқару.
Үкіметтің дағдарысқа қарсы күрес шараларының негізгі операторы болып отырған Ұлттық әл-ауқат Қорының миссиясы — ел экономикасын әртараптандыру, жалпы, дағдарыстан кейінгі дамуға көмек беруші ұйым.